Қарағанды облысында көмір отынын алу үшін көліктер кептелісте тұр. «Шұбаркөл» карьерінің маңына 250 ге жуық жүк көлігі кезек күтіп тұр. Бірнеше тәулік осы жерде түнедік. Кезектің жылжып, кептелістің бітетін түрі жоқ дейді жүргізушілер. Ал карьер басшылығының айтуынша көмір отынының ел бойынша ең төмен бағада сатылатын нүктесі осы жер. Сондықтан маусымдық сұраныс артып, көлік кептелісі туындап отыр.
Дархан Рахымжан