Көкшетауда жұмысшы салынып жатқан нысанның алтыншы қабатынан құлап көз жұмды. 49 жастағы Зеренді ауданының тұрғыны жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілген. Оның бас сүйегі, қабырғалары сынған, ішкі дене мүшелеріне зақым келген. Алған жарақаттары ауыр болғандықтан, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ермек Елберген