Франция астанасы Париж көшелеріне ондаған мың адам шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция астанасы Париж көшелеріне ондаған мың адам шықты

19.10.2022

Франция астанасы Париж көшелеріне ондаған мың адам шықты. Кәсіподақтар тұрғындарды жалпыұлттық ереуілге шақырған. Наразылық акциясына шыққандар инфляцияның шарықтауына қарсы болып, жалақыны өсіруді талап етті. Демонстранттар полициямен қақтығысқан. Рейтердің дерегіне сай, ереуіл Франциядағы ядролық реакторлардың 3/1-нің жұмысына әсер еткен. Пойыз қатынасы да шектелді. Қымбатшылықты жоюды талап еткен француздардың шеруі апта басынан бері тыйылмай келеді.    

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу