Алматыда I Халықаралық архивтер конгресі ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда I Халықаралық архивтер конгресі ұйымдастырылды

19.10.2022

Ашық қоғамға – ашық архив. Біз ел тарихын түгендеп, ұлы тұлғаларымыз жайлы жарияланбаған деректерді жинау үшін, мұрағат құжаттарының қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек», - дейді отандық тарихшылар. Осы мақсатпен Алматыда I Халықаралық архивтер конгресі ұйымдастырылды. Оған АҚШ, Еуропа елдері, Азия мен ТМД мемлекеттерінің мұрағаттық ұйым мамандары қатысып, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Мәселен зерттеушілер үшін осы кезге дейін аталған елдердің тарихына қатысты бірқатар дерек қорлары жабық болған. Әсіресе ТМД мемлекеттерінде болған саяси репрессияға қатысты көптеген құжат әлі жариянланбай отыр. Жиын қатысушылары алдағы уақытта тарихты сақтаушылардың халықаралық кәсіби қоғамдастығы қоян-қолтық жұмыс істеп, мемлекеттер мұрағатын жаңа деректермен толықтыруға күш салмақ.

Мәмбет Қойгелді, ҚР ҰҒА академигі, профессор:

Өзбекстан, Қырғызыстандағы жабық қорлар ашылады ғой деген үмітіміз бар. Мен өзім оларға бірнеше мәрте хат жаздым. Біздің тарихымыз ұқсас. Әсіресе репрессияға байланысты ортақ проблемалаларымыз бар. Біздің зиялаларымыз Өзбекстан, Қырғызстанда да жұмыс істеген. Соларға байланысты құжаттарды беріңіздер деп айтып жүрміз. Соған осы жиынның әсері тиеді деген үлкен үмітім бар.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу