Украинада бүгіннен бастап энергия үнемдеу режимі күшіне енеді. Оған сәйкес электр қуатын пайдалану таңертеңгі сағат 7-ден кешкі 10-ға дейін шектеледі. «Укрэнерго» компаниясының ескертуінше, бүкіл ел аумағында жарық күніне төрт сағатқа дейін толық өшуі мүмкін. Сондықтан тұрғындарға телефондарын, фонариктерін, аккумяторларын және өзге де құралдарын алдын-ала қуаттандыруға кеңес берілді. Украина үкіметі мұндай қадамға амалсыздан барып отыр. Президент Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, қазанның 10-нан бері Ресейдің зымырандық, дрондық шабуылдарынан елдегі электр станцияларының 30 пайызы жойылған.
Арыстан Рысбек