Ақш елдегі жанармай бағасын арзандату үшін төтенше жағдайға мұнайды пайдалануға мәжбүр. Ақ үй басшысы бүгін стратегиялық қордан тағы 15 млн баррелл мұнайда ішкі нарыққа алынатынын хабарлады.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Ең бастысы «Опек+» елдерінің жақындағы мұнай өндірісін қысқарту жөніндегі шешімі түрткі болды. Себебі бұл америкадағы жанармай бағасына бірден әсер етті. Екіншіден Конгресс сайлауына санаулы күндер қалды. Ал бензин бағасының өсуі билік тұтқасын ұстап отырған демократтар үшін бұл үлкен соққы болды. Яғни сайлау қорытындысына тікелей әсер етері сөзсіз. Сондықтан ақ үйге қайтадан стратегиялық резервке қол салудан басқа амалдары қалмады.
Джо Байден, АҚШ президенті:
Біз ұлттық қазынаны жауапкершілікпен пайдаланамыз. Қазiргi уақытта Стратегиялық мұнай қорындағы резеруарларда шамамен 400 млн. баррель мұнай бар. Бұл кез келген төтенше жағдай үшін жеткілікті. Осылайша өзге елдердің іс-әрекеттері мұнай нарығын құбылтқан уақытта осылай бағаны тұрақтандыру қадамдарын жасаймыз».
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Украинадағы соғыс басталғанда американың мұнай нарығына бірден әсер еткен еді. Жанармай күрт қымбаттап, жалпы инфляция шарықтады. Бірақ үкімет түрлі шараларды қолға алу әсіресе қорды пайдалану арқылы бензин құнын тоғыз айдың ішінде отыз пайызға әрең түсірген. Енді сол бағаны ұстап қалу үшін амалсыз тағы да қордағы қара алтынды жұмсамақ. Ал, ортайып қалған стратегиялық резервті үкімет мұнай бағасы барреліне жетпіс долларға түскен кезде ғана толтыра бастайды. Демек бұл да оңай іс емес. Себебі қазір әлемдік нарықта бренд маркалы қара алтынның құны тоқсан доллардан жоғары.
Жалғас Сәдібекұлы