Жаңа Зеландия фермерлері бүгін елді мекендер мен қалаларда шеру өткізіп жатыр. Олар көшелерге тракторлармен шыққан.
Ауыл еңбеккерлерін үкіметтің агрошаруашылықтардан экологиялық салық алу жоспары ашындырыпты. Биліктің айтуынша, сиырлар мен қойлар кейде ауаға биогендік метан мен ұзақ сақталатын газ таратады. Сондықтан, фермерлер құн төлеуге тиіс. Алайда, демонстранттар ол зиянның қалай анықталатын білмей тұрып салық салу заңға қайшы деп есептейді.