25 қазан - Тәуелсіздіктің бастауы. Дәл осындай атаумен Астанада ғылыми-практикалық конференция өтті. Халықаралық жиында Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктері, тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға бағытталған ұстанымдары талқыланды. Сондай-ақ, шараға арнайы шет елден келген ғалымдар Республика күніне орай жазған мақалаларын оқып, еркін форматта пікір алмасты.
Наталья Дементьева, ҚХА төрағасының орынбасары:
Жуырда ғана, біз, Мәжіліс депутаттары қыркүйек айында, мерекелік заңнамаға арнайы түзетулер енгізіп, алдымыздағы ұлттық мереке туралы сөз еттік. Менің ойымша, бұл күннің жалпы маңыздылығы өте зор.