Түркістан облысы, Шардара қаласында Республика күніне орай балықшылар сайысы өтті. 50-ге тарта балықшы 11 командаға бөлініп, тәулік бойы қармақ салды. Сайыс ережесіне сәйкес ең бірінші ауланған балық пен ең үлкен балыққа арнайы жүлде тағайындалды. Аса тартысты өткен сайыста Қоссейіт ауылының Қармақшы командасы жеңіске жетті. Шараны ұйымдастырушылар осындай сайыстар арқылы аудан жастарын кәсіпке баулып, балық шаруашылығына деген қызығушылығын арттыруды мақсат тұтқандарын айтады.
Бақытжан Таласов, Шарадара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:
Бүгінгі ереже бойынша балық аулаудың ең үлкені 600 грамнан жоғары болу керек. Қызыл кітапқа енгізілген балықтар ұсталмайды. Жастарымызды балық аулауға, кәсіпке, одан кейін осы жүрген жастардың басын біріктіру мақсатында өткізіліп жатқан дүние.