Елімізде 2025 жылға дейін 19 су қоймасы мен 6,4 мың шақырым су арнасы жаңартылады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты. Министрлік су саласын дамытудың үш жылдық кешенді жоспары арқылы елдің су ресурстарын сақтау проблемалары шешіледі дейді.
Қазір, су арналарын цифрландыру бойынша жұмыс басталған. 2025 жылға дейін еліміздегі 212 арнаның су есебі сандық жүйеге көшеді. Сондай-ақ, су үнемдеу технологияларын қолданып, суармалы алқаптардың көлемін 450 мың гектарға дейін ұлғайту көзделген. Межелеген міндеттерді жүзеге асыру үшін «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» саланың бас ғылыми-техникалық орталығы болып бекітілгені.
Серікқали Брекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
Аталған институттың жанынан еліміздің су ресурстарының саны мен сапасы туралы объективті және шынайы ақпаратты қалыптастыру үшін «Ақпараттық-талдау орталығы» құрылады. Бұдан басқа қажетті жедел, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарды жасаумен айналысатын болады.
Сәбит Әлдебай