Бельгиядағы қазақстандық студенттердің қауымдастығы құрылады. Сондай-ақ, шетелдегі жастар Президент сайлауына біркісідей қатысуға ниетті. Олармен еліміздің Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі Марғұлан Баймұхан кездесіп, елдің сыртқы саясаттағы беделі туралы айтып берді. Сондай-ақ, жас буын өкілдерін ел игілігі үшін маңызды шараларды бірігіп атқаруға шақырды. Қазір корольдікте 20-дан астам қазақстандық студент білім алып жатыр.
Әлижан Мақсатұлы, Лёвен Католик университетінің 1-курс студенті:
Шетелдіктер бізге қарап қазақтарға, Қазақстанға баға береді. Сондықтан, біз ұстамды, байсалды болуымыз керек.Еліміздің болашағы үшін жақында өтетін сайлауға қатысып, дауыс береміз.
Айдана Орынғалиева, Лёвен Католик университетінің 2-курс студенті:
Президентіміздің бастауымен алдыңғы жылдары жастар жылы болды. Соның бастауымен біз Жаңа Қазақстанды құруға тырысып жатырмыз. Болашақта оқуымды бітіргеннен кейін Қазақстанның дамуына үлес қосқым келеді.
Нұрсұлу Қасым