25 қазанды ұлттық мерекеге айналдыру – тарихи әділеттілік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25 қазанды ұлттық мерекеге айналдыру – тарихи әділеттілік

21.10.2022

Республика күнін ұлттық мерекеге айналдыру – тарихи әділеттілік.

«Ұлттық мүдде» диалог алаңында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Республика күніне орай ұйымдастырылған шара «Егемендік және Қазақстанның саяси-құқықтық трансформациясы» тақырыбына арналды.

Жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері, сарапшылар елімізде жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси және әлеуметтік бағыттағы реформаларды, егемендігімізді одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Сенат Төрағасы мемлекеттің қалыптасуы жолында 1990-жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның егемендігі туралы декларациясы аса маңызды рөл атқарғанын тілге тиек етті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Тәуелсіздік туралы айтқанда, оның негізі болған Декларацияның рөлі мен маңызына әрдайым баса мән беруіміз керек. Осы орайда Республика күнін ұлттық мерекеге айналдыру тарихи әділеттіліктің салтанаты деп санаймыз. Сол арқылы біз тарихымызға объективті көзқарас қалыптастырамыз.


Хабарламаларға жазылу