Өткен жылы 200-ден астам шенеунік мемлекетке 13,6 млрд. теңге көлемінде залал келтірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен жылы 200-ден астам шенеунік мемлекетке 13,6 млрд. теңге көлемінде залал келтірген

31.03.2017

Жемқорлықпен күресте жазаның бұлтартпастығы және заңның үстемдігі қамтамасыз етілуі тиіс. Мәселен, былтыр 200-ден астам шенеунік мемлекетке 13,6 млрд. теңге көлемінде залал келтірген. Оның 5,3 млрд. теңгесі өтелді.

Жалпы, 2016 жылы республикалық деңгейдегі – 18, облыстық деңгейдегі – 59, қалалық және аудандық деңгейдегі 134 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Бұл туралы Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен комиссия отырысында белгілі болды. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда жоспарланған 64 шараның 95 пайызы орындалғандығы айтылды.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу