Мемлекет басшысының атына шет ел президенттерінен құттықтау жеделхаттары келіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының атына шет ел президенттерінен құттықтау жеделхаттары келіп жатыр

26.10.2022

Республика күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің президенттерінен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп жатыр.

Ресей Президенті Владимир Путин «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және басқа да салаларда таңғаларлық нәтижелерге қол жеткізді, халықаралық істерде маңызды рөл ойнайды. Мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастар табысты дамып келеді»- деді. 

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин екіжақты қарым-қатынастың дамуына назар аудара отырып, Қытай және Қазақстан арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға әзір екендігін айтты.

Ал, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған ортақ тіл, мәдениет және тарихи байланыстардан нәр алып, «Кеңейтілген стратегиялық серіктестік» деңгейіне жеткен қарым-қатынасымыз бен ынтымақтастығымызды екі елдің мүддесіне сай одан әрі дамытуға және тереңдетуге ниетті екендігін жеткізді.

Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және басқа да салаларда таңғаларлық нәтижелерге қол жеткізді, халықаралық істерде маңызды рөл ойнайды. Мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастар табысты дамып келеді.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

Екіжақты қарым-қатынастың дамуына назар аудара отырып, мен Сізбен бірге Қытай және Қазақстан арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға әзірмін.

Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы:

Ортақ тіл, мәдениет және тарихи байланыстардан нәр алып, «Кеңейтілген стратегиялық серіктестік» деңгейіне жеткен қарым-қатынасымыз бен ынтымақтастығымызды екі елдің мүддесіне сай одан әрі дамытуға және тереңдетуге ниеттіміз.

Бауыржан Бөгенбай

Хабарламаларға жазылу