Павлодардағы облыстық көркемсурет музейінде «Ұлы дала сазы» атты көрме ашылды. Авторы жергілікті қылқалам шебері Өсербай Шоранов. Танымал суретшінің бұл жолы ең үздік деген 80-нен аса туындысы қойылған. Олардың дені тарихқа тағзым, бабалар аманаты, ерлік, отаншылдық және табиғатты аялау тақырыбына арналған. Сондай-ақ майлы бояулар арқылы кенепке түскен кескіндемелерден өңірдегі өзінше сұлу, табиғаты әсем жерлерді тамашалауға болады.
Өмірбек Жұбаниязов, Қазақстан суретшілер одағының төрағасы:
Бүкіл Қазақстанның бар дүниесін, мақтанышымыз табиғатымыз, тауымыз, жазығымыз, кең даламыз бәрі көрсетіліп отыр. Осының бәрі адамдық жақсылыққа итереді. Отансүйгіштікке апарады. Соған итереді, соған жол сілтейді.
Болат Аманбаев