Ұлттық банк цифрлық теңгені сынақтан өткізе бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк цифрлық теңгені сынақтан өткізе бастады

26.10.2022

Ұлттық банк цифрлық теңгені сынақтан өткізе бастады. Ғалымжан Пірматовтың сөзінше, офлайн режимде бірнеше транзакция жүргізу жоспарланған. Жыл соңына қарай Президентке Цифрлық теңгені енгізу бойынша нақты нұсқасын ұсынады. Тек содан кейін оны қаржы нарығына енгізуге қанша уақыт жұмсалатыны белгілі болмақ. Басты талап қаржыны дұрыс есептеуге қойылып отыр. Сонымен бірге жауаптылар киберқауіпсіздік те назардан тыс қалмайтынын айтады. Бұған дейін сандық валютаны енгізу үшін мамандар Халықаралық валюта қорының отырысына қатысып, жоспарын бөліскен. Жалпы қазір дүниежүзінде 63 орталық банк ұлттық цифрлық валютаны шығарумен, оның айналымын зерттеумен белсенді айналысып жатыр. Цифрлық теңге қолма-қол ақшаны айырбастамайды. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу