Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев Түркістан облысына барды. Жергілікті диқандармен және мақта өсірушілермен кездесіп, өңірдің жетістіктері мен түйткілдері туралы әңгімелесті. Кандидат пен оның партияластары түркістандықтарға саяси бірлестіктің сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасын таныстырды. Ал фермерлер өздерін алаңдатқан сауалдарына жауап алды. Биыл Түркістан облысында 125 мың гектардан астам жерге мақта егілді. Аграршылар 300 мың тонна өнім жинауды көздеп отыр.
Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:
Түркістан облысы жетістіктерінің бірі – бұл ұйымшылдық. Мұндағы шаруалар өте ұйымшыл. Сонан кейін мемлекет мойнына масылдық көрсетпейді. Өз күнін өздері көріп жүрген шаруалар. Ешкімге кінә артпай, қолда бар мүмкіндіктерін пайдаланып, өздерінің өнімдерін өсіріп сатып жатыр. Түркістан облысының ерекшелігі бір тәубешілік бар шаруаларда. Осыған біз қуанамыз.
Азамат Нұғыманов