Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде көлігі бүлінген жүргізушілерге 567 млн теңге төленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде көлігі бүлінген жүргізушілерге 567 млн теңге төленді

27.10.2022

Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде көлігі бүлінген жүргізушілерге 567 млн теңге төленді. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады. Аудандық әкімдіктерге автокөлік иелерінен келтірілген залалды өтеу туралы 143 өтінім түскен. Өтініш 1 ай ішінде қаралып, жеке тұлғалардың шығыны төленді. Өтініш тіркелген күннен бастап бір аптада мүлікке келтірілген залал тексерілген. Ал зардап шеккендерге өзі таңдаған тәуелсіз сарапшылар қорытынды әзірлеген. Қаңтарда көлігі бүлінгендердің шығынын өтеу бойынша жұмыстар, Алматы қаласының аудан әкімдіктеріне жүктелді.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу