«Даиш» қарулы тобы Ирандағы кесенеге жасалған шабуылды өз мойнына алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Даиш» қарулы тобы Ирандағы кесенеге жасалған шабуылды өз мойнына алды

27.10.2022

«Даиш» қарулы тобы Иранның Шираз қаласындағы шииттер кесенесіне жасалған шабуылды өз мойнына алды. Экстремистер осы туралы мәлімдемені жариялағаннан кейін, Иран президенті Ибрахим Раиси қауіпсіздік күштері мен құқық қорғау органдары қанды қылмысты жауапсыз қалдырмайтынын ескертті. Үш шабуылшы Шираздағы Шах Черах ғибадатханасына сәрсенбі күні басып кіріп, мінәжат етіп жатқан адамдарға оқ жаудырған. Қастандықтан 15 тұрғын қаза тауып, ондағаны жараланды. Соңғы мәліметке қарағанда, бұл оқиғаға байланысты бір адам тұтқындалған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қазір одан жауап алынып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу