Телевизиялық сериалдар индустриясының көш басында «Қазақстан» телерадикорпорациясы тұр. Биылдың өзінде 17 телехикая түсіріліп жатыр. Келер жылға да жоспар көп. Astana Media Week апталығы аясында корпорацияның көркемдік кеңес мүшелері продакшн компаниялармен кездесіп, жаңа телеөнімдер бойынша ұсыныстарды талқылады. Осыған дейін, сериалдар өндірісіне байқау жарияланған болатын. Қазір 50 компаниядан 120 жоба түсті. Конкурс 1-қарашаға дейін жалғасады. Бүгінгі ашық талқылауда 30-ға жуық компания өз өнімдерін ұсынды. Жалпы, сериалдар өндірісі бойынша корпорация ашықтық приниципін ұстанады, жыл сайын аутсорсинг компаниялар арасында 3 айға дейін жалғасатын конкурс өткізіледі.
Ләззат Танысбай, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы:
Нарықта ең көп тапсырыс беретін біздің телерадикорпорация. Мысалы, биыл ғана 17 телесериал түсіріп жатырмыз. Жалпы, бөлім саны 221 сериядан тұрады. Соңғы 2 жылда тарихи сериалдарға бет бұрдық. 2 жылдың ішінде 11 тарихи сериал түсірдік. Бұл, әрине үлкен еңбек.
Асима Нұрбайқызы