Бұл Түркі жұртының мәдениетін насихаттап жүрген «Тұран» тобы. Ертең өнерпаздар Елордада тегін концерт береді. Ұлттық аспаптардың үні асқақтайтын мәдени шара кешкі алтыда Есілдің сол жағалауындағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында басталады. Орын санына шектеу жоқ. Ортадағы алаңға сыймағандар орындаушылардың өнерін жоғарғы қабаттардан да тамашалай алады.15 жылға жуық Қазақстанда да, шетелде де ән-күйді насихаттап жүрген ұжым 70-тен астам елде 600-дей жеке концерт берген. Оркестрге татитын топ мүшелері жалпы саны 30-дан астам ұлттық музыкалық аспапта ойнай алады.Түркі халықтарының арасында кең танылған ансамблдің өз тыңдарманы қалыптасып үлгерген. Қазір бірегей топтың ертеңгі концертіне дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Серік Селеубай