Қазақстан Еуропаға азық түлік, жанар-жағармай экспортын арттырмақ. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, мемлекет мұны тездетіп іске асыру үшін өндірушілерді халықаралық сауда алаңдарына шығару бойынша жұмыс істеп жатыр. Биыл 8 айда Еуроодаққа тауар тасымалы 51 пайызға артып, 22 млрд доллардан асқан. Бұған дейін де бірнеше тауар түрінің шетелге саудасы артқан. Мысалы, Латвия шамамен 6 млн долларға 8 мың тонна бензин сатып алған. Эстонияға жанар-жағармайдың 2 мың тоннасы 1,5 млн долларға саудаланды. Qaztrade зерттеуіне сай, алдағы уақытта металл, өзге де мұнай өнімдерінің тасымалы артуы мүмкін.
Ақерке Бектас