Украинадағы ахуал: Херсон үшін шайқас жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы ахуал: Херсон үшін шайқас жалғасып жатыр

29.10.2022

Бүгін Ресейдің Қара теңіз флотының кемелеріне дрондармен жаппай шабуыл жасалды.

Севастопольдің Мәскеу тағайындаған әкімшілігі бұл оқиға үшін Украина армиясын кінәлады. Бірақ, Киев мойнына ешқандай жауапкершілік алған жоқ. Ал Украина әскери барлау қызметінің басшысы Кирилл Будановтың мәлімдеуінше, Херсон қаласы қараша айының соңына дейін ресейліктерден азат етілуі мүмкін. Британ барлаушылары болса, ресейліктердің Херсоннан князь Потемкиннің сүйегін әкетуі олардың бұл аймақтан кету ниетін аңғартуы мүмкін деп мәлімдеді.

Өткен тәулікте Херсон үшін шайқаста тараптар бір-біріне минометпен, артиллериямен, зымырандармен соққы берді. Және қарулы қақтығыстар қазір Луганск және Донецк облыстарында да жалғасып жатыр.


Хабарламаларға жазылу