Республика күні Вашингтонда тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика күні Вашингтонда тойланды

29.10.2022

Республика күнін Америкадағы қазақ қауымдастығы арнайы концерт өткізіп ерекше атап өтті. 

Эстрадалық әндерді сағынып қалса керек, қазақтар мерекелік кешке Вашингтоннан шалғай жатқан шаһарлардан да арнайы келді. Салтанатты шарада заңғар жазушы Мұхтар Мағауин сөз сөйлеп, халықтың рухын бір көтеріп тастады.

Қобызшы Әсел Нұркенова сазды әуенімен жырақта жүрген қазақтардың елге сағынышын басқандай. Халық Марат Омаровтың әндерін де қоса орындап бір серпіп қалды.

Ырысты Дүйсенбаева:

Қазіргі таңда АҚШ тағы қазақтар саны жүз мыңға жуықтаған. Яғни, үлкен диаспораға айналып келеді. Оның бір бөлігі әрине Түркия, Моңголия, Қытай және Ресейден келген қандастар.

Ержан Ашықбаев, Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі:

Концерттен кейін де келіп тіл және домбыра курстарын ұйымдастырып берсеңіздер сұрап жатыр. Диаспора қатарында осындай қажеттіліктін барын көрсетіп отыр. Қазақтың ең үлкен шаңырағы ол елшілік. Әрбір қазақ жалғызым деп қараймыз.

Диаспораның ата жұртпен байланысын нығайту үшін елшілік отандастар қорымен бірлесіп те түрлі мәдени рухани шаралары ұйымдастырып отырмақ.

Хабарламаларға жазылу