Үндістанның Гуджарат штатында өзен үстінен салынған көпір құлап, 132 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның Гуджарат штатында өзен үстінен салынған көпір құлап, 132 адам қайтыс болды

31.10.2022

Үндістанның Гуджарат штатында өзен үстінен салынған көпір құлап, 132 адам қайтыс болды. Олардың арасында балалар да бар. Марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін. Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. 130 адам аман-есен судан құтқарылды. Аспалы көпір жарты жыл бойғы жөндеуден кейін бірнеше күн бұрын ашылған еді. Дивали мерекесін тойлауға барған 500-дей адам көпірдің үстіне, жанына жиналған. Нәтижесінде оны ұстап тұрған темір арқан үзіліп кетсе керек. Мачху өзені арқылы созылған 230 метрлік аспалы көпір - танымал туристік нысандардың бірі. Ол ХІХ ғасырда Британия империясы кезінде салынған еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу