Өскеменде аутизм және жүйке-жүйесінде ауытқуы бар балаларға арналған орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде аутизм және жүйке-жүйесінде ауытқуы бар балаларға арналған орталық ашылды

31.10.2022

Өскеменде аутизм және жүйке-жүйесінде ауытқуы бар балаларға арналған орталық ашылды. Әлеуметтік нысанда 120 балаға қызмет тегін көрсетіледі. Құрал-жабдықтың бәрі жаңа. Кемабағал балаларға дене шынықтырумен қоса, оқыту-әдістемелік және еңбек терапиясы арқылы жаттығулар жасайтын бөлмелер бар. Жалпы медицина мамандары соңғы жылдары аутизммен туатын нәрестелердің саны күрт артқанын айтады. Ал ондай балаларға ем-домды, оңалту шараларын неғұрлым ерте қолға алса, соғұрлым нәтижесі болады. Сондықтан орталықтағы мамандардың барлығы да арнайы курстан өткен.

Ләззат Сағымбаева, қала тұрғыны:

Мамандарды қайта оқытып, басқа бағытта жұмыс істеп жатыр. Менің қызымның диагнозы аутист. Сол бағытқа байланысты, емдеу терепиясын қолданып, жаңа методикамен жұмыс істеп жатыр. Жақсы нәтиже күтеміз.


Хабарламаларға жазылу