Павлодарлық тұрғын алаяқтарға 5 млн теңге несие алып берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық тұрғын алаяқтарға 5 млн теңге несие алып берген

31.10.2022

Павлодар өңірінің тұрғыны банкке бармай-ақ алаяқтарға 5 млн теңге несие алып берген. Алданғанын екі күннен кейін барып қана түсінген 58 жастағы әйел полицияға жүгінген. Жәбірленушінің сөзінше, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған ер адам алаяқтардың 5 млн теңге несие алмақшы болғанын хабарлайды.

Іле банк директорымен де сөйлестіреді. Ол барлық талапты орындау керек деп сендірген. Үрейге әбден бой алдырған тұрғын осыдан кейін телефонына банктің мобильді қосымшасын жүктеп жеке куәлігін, өзі туралы барлық ақпаратты береді. Есеп шотына түскен 5 млн-ға жуық ақшаны ұрылар шешіп алады. Қазір полиция алаяқтық дерегі бойынша іс қозғап, күдіктілерді іздеп жатыр.

Еліміз бойынша былтыр осы телефон алаяқтарына қатысты 23 300 қылмыстық іс тіркелген. Ал биылғы сегіз айда 16 100 оқиға анықталған.  

Болат Аманбаев




Хабарламаларға жазылу