Чехия астанасы Праганың орталық алаңына ондаған мың адам жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чехия астанасы Праганың орталық алаңына ондаған мың адам жиналды

31.10.2022

Чехия астанасы Праганың орталық алаңына ондаған мың адам жиналды. Олар популизм мен экстремизмге қарсылық білдірді.
Және де демонстранттар елдің, АҚШ, НАТО, Украина, Еуропа одағының туын ұстап, Ресеймен шайқаста Киевті жақтайтындарын мәлімдеді.

Жұма күні дәл осы жерде коммунистер, әсіре оңшылдар, маргиналдық топтар митинг өткізіп, газ мәселесінде Мәскеумен келіссөз жүргізуге шақырған еді. Украинадағы қарулы қақтығыстарға байланысты Еуропада энергия бағасы шарықтап, қазір тұтынушылар мен бизнес тарапынан жергілікті үкіметтерге қысым күшейіп келеді.


Хабарламаларға жазылу