Павлодарда спорт мектебінің есепшісі өзі жұмыс істеп жүрген мемлекеттік мекеменің қаржысын жымқырған. Сөйтіп екі жылдың ішінде бюджетке тиесілі 8 млн 300 мың теңгені жоқ қылады.
Экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті күдіктінің қызмет көрсету, бассейін және спорттық жабдықтарды жалға беру, ақылы курстар өткізуден түскен қаржыға түбіртек бермей, көбіне қажетіне жаратып жібергенін дәлелдеді. Павлодар қаласының №2 соты есепшіні 3 жылға бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарды.
Күдіктінің кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетке барғанына өкініш білдіргені және шиеттей екі баласының асыраушысыз қалатыны ескерілген.
Болат Аманбаев