Оралда алғашқы қар түсті. Ақ ұлпаның көп жауғаны сонша, электр желілерін зақымдап, 6300-ден аса тұрғын жарықсыз қалды. Жолда көлік қозғалысы да қиындады. Ұйытқыған жел мен толассыз жауған қар, жарық тарату желісіне әсер етіп, апатты жағдай тіркелген. Шаһарда диспетчерлік қызметтің 10 бригадасы жұмыс істеп жатыр. Ал коммуналдық қызмет жолдарды қардан тазалап үлгерер емес. Қала әкімдігінің хабарлауынша, 300-ге жуық адам мен 182 техника осы жұмысқа тартылған.
Ардақ Мұратқызы