Ресей армиясы Украинаның бірнеше қаласын зымыранмен атқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей армиясы Украинаның бірнеше қаласын зымыранмен атқылады

01.11.2022

Ресей әскері өткен түні Украинаның Днепр, Полтава қалаларына камикадзе-дрондармен шабуыл жасады. Ал Николаев қаласын зымырандармен атқылады. Онда көпқабатты үй мен мектеп қирап, бір адам қайтыс болды. Ресей әскері дүйсенбі күні Украинаның 10 облысына ракетамен атып, жүздеген елдімекен мен қаланы жарық пен сусыз қалдырды.

Мәскеу мұндай кек алу операцияларын сенбі күні Севастопольдегі флотының кемелері дрондармен атқыланғаннан кейін жүргізіп отыр. Алайда Украина қарулы күштері Қырымдағы оқиғаға байланысты мойнына жауапкершілік алмаған. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу