Солтүстік Қазақстанда учаскелік полиция инспекторлары жанып жатқан үйден екі адамды алып шықты.
Оқиға Мағжан Жұмабаев ауданының Бәйтерек ауылында болған. Түтінді байқаған көршілердің бірі өрт сөндірушілерді шақырған. Көмекке бірінші болып жеткен полицейлер ыс тиіп, әлсіреп қалған үй иелерін далаға алып шықты. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Эльмира Каленова