Қайрат Сатыбалды шетел асырған құны 230 млн доллардан асатын асыл тастар елге қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Сатыбалды шетел асырған құны 230 млн доллардан асатын асыл тастар елге қайтарылды

02.11.2022

Қайрат Сатыбалдының шет елге асырған құны 230 млн доллардан асатын эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды. Ал бағалы қағаздарға салған 300 млн АҚШ доллары жақын күндері ел қазынасына түседі.

Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елден заңсыз шығарылған капиталды іздеу және елге қайтару шаралары жалғасуда. 

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу