Балқаш қаласына қарасты Қоңырат ауданында жуырда жаңа спорт кешені пайдалануға беріледі. Қазір құрылыстың 85 пайызы аяқталған. Екі мыңға жуық халқы бар елді-мекенде бұған дейін спорт нысаны болмаған.
Сондықтан жергілікті тұрғындар ашылуын тағатсыздана күтіп жүр. Кешен 700 адамға арналған. Бірінші қабатында баскетбол, валейбол, футболға арналған ойын алаңдары бар. Ал екінші қабатында күрес, бокс және жаттығу залдары орналасқан. Жоба құны шамамен 430 млн теңге.
Марат Түсіпбеков, мердігер компания басшысы:
Қазір біз 85 проценттейін орындап қалдық. Негізгі ішкі жұмыстар қалды, сосын сыртқы абаттандыру жұмыстары. Қазір бізде 30 шақты адам жұмыс жасап жатыр. Оның ішінде электр жүйесін толық жүргізіп жатырмыз, су құбыры, жылу құбыры, сосын желдету жүйесін дейді, соны қалпына келтіру жұмыстары қазір қарқынды жүріп жатыр.
Руслан Нұрланұлы