Талдықорғанда газ құбырынан ақау шығып, тұрғындар газсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда газ құбырынан ақау шығып, тұрғындар газсыз қалды

02.11.2022

Қуаныш Қанатұлы, тілші:

Қаланың бір бөлігі көгілдір отынсыз отыр. Жер астындағы жартылай қысымдағы құбырлардың бірінен газ шығып жатқаны анықталып, 750-ден астам үйге сұйық отын беру тоқтатылды. Апаттың алдын алу мақсатында бірнеше шағын ауданның да газ тарату жүйелері автоматты түрде өздігінен өшіп қалды. «Тұрғындардың көгілдір отынға қашан қосылатынын дөп басып айту қиын»,- дейді мамандар. 

Бейбарыс Тілеубаев, апаттық-диспетчерлік қызмет бастығы:

Нақты уақыты қазірге белгісіз. Өйткені мына ақауды тауып, оның материалын анықтау қажет. Содан кейін анық болады.

Қуаныш Қанатұлы, тілші:

Қазір газ таратушы мекеме апаттың себеп-салдарын нақтылап, ақауды жоюға кірісті. Жұмыстың ауқымын білу үшін алдымен ақаудың көлемін нақтылап алу керек болып тұр.


Хабарламаларға жазылу