Ақтаудағы құс фабрикасына жем тиелген вагондар жөнелтілді. Қазақстан Теміржолы Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Еске салайық, аймақта құс етін өндіретін кәсіпорында 200 мыңнан астам тауық аштан қырылудың сәл-ақ алдында тұр. Себебі, осыдан 4 күн бұрын келуі тиіс жем тиелген вагондар жолда тұрып қалған. Азық алдағы екі күнде жеткізілмесе, қанаттылар түгел қырылып қалады, дейді мамандар.
Аягөз Оралбайқызы