Қаңтар оқиғасына қатысты бір реттік рақымшылық жариялау - халық күткен шешім. Мемлекет басшысының «Рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қоюына қатысты, алматылықтар пікір білдірді.
Дұрыс, Президенттің халыққа жасаған рақымшылығы ғой. Жас болған соң қателеседі ғой. Соларға тағы бір мүмкіншілік. Келесі жолы олай жасамауы үшін.
Себепсіз отырғандарға рақымшылық берген дұрыс. Үйде ата-анасы күтіп отыр. Президентіміз соны түсініп біліп отыр ғой. Сөйтіп кетіп қалғандарды. Сондайларды босатыңыздар деп айтты ғой.
Арандап кеткен адамдар болсын немесе белгісіз жайттарға байланысты шоқпардың ұшы тиіп кеткен адамдар болатын болса, оларға кешірім жасалғаны әбден дұрыс деп ойлаймын.
Нұрсұлтан Тілектес