Әлемдегі мұздықтардың 1/3-не 2050 жылға қарай жойылып кету қаупі төніп тұр. Олардың қатарында Италиядағы Доломит Альпісі, АҚШ-тағы Йосемит және Йеллоустон паркі, Танзаниядағы Килиманджаро тауы бар.
Айта кететін жайт - бұл процесті тоқтату мүмкін емес. Мұндай болжам ЮНЕСКО-ның баяндамасында айтылған. Құжат авторының мәліметінше, мәдени мұра тізіміндегі мұздықтар орта есеппен алғанда жыл сайын 58 миллиард тонна мұз жоғалтады екен. Ол теңіз деңгейінің 5 пайызға көтерілуіне және циклон, дауыл мен цунамидің жиі қайталануына әкеледі.
Арай Төлеген