Батыс Қазақстанда толассыз жауған қар соңы боранға ұласқан. Адамдар жоғалып жатыр. Қаратөбе ауданында таңертең мал жаюға шыққан Шөптікөл ауылының тұрғыны ақтүтекте адасып кеткен. Құтқарушылар оны ұялы телефондағы мекен-жай арқылы тек кешкісін тапты.
Сырым ауданы Тасқұдық ауылында тағы бір шопан үш күннен бері іздестіріліп жатқан. Абырой болғанда, ол бүгін түске таяу табылды. Қыстақта түнеген 53 жастағы ер адамның денсаулығы сыр берген. Қазір дәрігерлердің бақылауында.
Құтқарушылар тұрғындарға боранды күні жолға шықпауды ескертеді. Немесе үнемі телефонды қуаттап, қосымша құрылғы алып жүруге кеңес береді.
Ардақ Мұратқызы