Қостанай облысындағы екі ауылдың тұрғындары судың әр текше метріне 30 теңге ғана төлейтін болды. Қарашадан бастап тарифте белгіленген соманың басым бөлігін мемлекет субсидиялайды. Аталған ауылдарда ауыз судың бағасы алтынға парапар екені жайлы бұған дейін хабарлаған едік.
Мысалы Алтынсарин ауылында бір текше метрі 3972 теңге болса, Алтын Дала ауылында 4137 теңге болып бекіген. Судың шамадан тыс қымбаттығы әрі сапасының нашарлығы тұрғындардың наразылығын тудырған еді.
Мәселе Ұлттық арна эфиріне шыққан соң көп ұзамай шешімін тапты, судың сапасы дұрысталды.
Қайыржан Құрманғалиев, Қостанай аудандық ТКШ басшысы:
Биыл тағы бірнеше елді-мекенге орталық су желісі салынып жатыр. Егер бұл жобалар толық жүзеге асса аудан тұрғындарының 80 пайызы үйіне кіріп тұрған, сапалы сумен қамтылады.
Дәуренбек Әбдібек