Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

03.11.2022

Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді. Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен «Заң керуені» атты акция ұйымдастырылып, азаматтардың жер дауы, мүлікті тіркеу, жәрдемақы және түрлі мемлекеттік қызметтер мен салықтық жүйеге қатысты мәселелері қарастырылды. Бір күн ішінде уәкілетті орган өкілдері 130-дан астам тұрғынды қабылдап, 70-ке жуығының проблемаларын шешуге қол ұшын берді. Айта кету керек аталған шара бүгінге дейін облыстың 4 ауданы мен Қонаев қаласында өтіп, 500-ге жуық азаматқа құқықтық консультация берілген.

Данияр Қатаев, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары:

Жыл сайын өткізілетін акция бұл. Жылына кейде екі рет өткізіледі. Халықтың сұрағандары, бізге келгені ең алдымен біздің жұмысымыз ғой. Мақсатымыз халыққа заң талаптарын түсіндіру, барлық мәселелерді шешу.

Келгенбай Тұяқов, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны:

Қазір мысалы мен 4-5 мәселемен келдім. Мен ғана емес ауыл тұрғындары да бар. Білім саласына қатысты сұрағымыз болды, медицина, прокуратура барлығы бір-ақ жерден оңай шешілді. Осылай жиі ұйымдастырылып тұрса екен.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу