Экологиялық қылмыс мемлекетке жыл сайын 3,5 млрд теңге шығын келтіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экологиялық қылмыс мемлекетке жыл сайын 3,5 млрд теңге шығын келтіреді

03.11.2022

Экологиялық қылмыс мемлекетке де, азаматтарға да жыл сайын 3,5 млрд теңге шығын келтіріп отыр. Рэнкинг агенттігінің дерегіне сүйенсек, кінәлілер айыппұл төлеуге асықпайды екен. Мысалы 5 жылда заң бұзғандардан тек 676 млрд теңге өндірілген. Бұл жалпы шығынның небары 19 пайызы. Экологиялық қылмыс әлемде есірткі контрабандасы, жалған ақша жасау мен адам саудасынан кейінгі ірі қылмыс. Ұйымдастқан қылмыстық топтар қоршаған ортаға зиян тигізуді пайда әкелетін кәсіпке айналдырған. 2017 жылдан бері әр жыл сайын мыңнан аса қылмыстық іс тіркелген. Әсіресе былтыр браконьерлерден келген шығын 5 млрд теңгеден асқан.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу