KASE: Доллар 463 теңгеге теңесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

KASE: Доллар 463 теңгеге теңесті

03.11.2022

Қор биржасының күндізгі саудасында бүгін доллар 5 теңгеге арзандаған еді. Қазір KASE-дегі бағамы аздап көтеріліп, бір АҚШ валютасы 463 теңгеге теңесті. Экономистер ұлттық валютаның соңғы уақытта біршама нығаюына Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтеруі себеп болғанын айтады. Алайда мамандар мұны уақытшы құбылыс деп есептейді. Доллардан бөлек, саудада еуроның құны да өскен: 464 теңгеге сатылды. Рубль 7 теңге 60 тиын.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу