Бизнес иелері Салық кодексін реттеуді талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнес иелері Салық кодексін реттеуді талап етті

03.11.2022

Мемлекеттік қолдау ірі жобалардан аспайды. Субсидия шағын шаруаларға жетпейді. Бүгін бизнес өкілдері осындай бірқатар проблема көтерді. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Х съезі өтіп, онда шаруалар құзырлы органдардан сұрақтарына тікелей жауап алды. Оларды толғандыратын мәселе көп. Алдымен - салықтың салмағы. Заң жиі өзгереді. Ереже де мың құбылады. Яғни, тұрақтылық жоқ, дейді бизнес өкілдері. Екінші мәселе – субсидия. Мемлекет беретін жеңілдікке қол жеткізу қиын. Құрылыстағы қиындықтар, ауыл шаруашылығы жерлері, логистика сынды бірқатар салада шектеу көп.

Миуаш Бисарова, Республикалық жобалаушылар одағы төрағасының орынбасары:

10 пайыз бекітілген бағадан төмен түсу өзіңіз де біліп отырған шығарсыз, енді сапаға кері әсерін береді. Сондықтан құрылыс саласындағы дэмпингті мүлдем жоюды мемлекеттік сатып алуды да, квазисектордағы сатып алуды да бір жобаға келтіріп, дэмпингті екі жақта да жойса.

Мәрлен Баймағамбетов, Ақтөбе фермерлер қауымдастығының төрағасы:

Бізге тұрақты бағдарлама керек, тұрақты ереже керек. Себебі біз 5-10 жыл бойынша жоспар құра алмай отырмыз.

Съезде ұзын-саны 160-қа жуық сұрақ түсті. Оның бәрін төралқа төрағасы жеке бақылауына алып, мемлекеттік органдармен бірлесе шешуге уәде берді. Өйткені, кәсіпкерлік – ел дамуының негізгі күші. Бірақ, салада былық көп. Бизнестің өркен жаюына шамадан тыс әкімшілік жүктеме кедергі. Оның бәрін реттеу үшін, тиісті шаралар қабылданады деді жауаптылар.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу