Абай облысының полицейлері құлдықта болған мүгедек адамды құтқарды. 26 жастағы жігіт 12 жыл бойы әркімнің шаруашылығында мәжбүрлі түрде жұмысқа жегілген.
Тергеу кезінде анықталған мәліметке сай, ақыл-есінде кемістігі бар азаматты 54 жастағы Семей тұрғыны «туысқаным» деп таныстырып, шаруашылықтарға жұмыс істету үшін ұсынған. Ал жәбірленушінің еңбекақысын қалтасына басып отырған.
Оған қоса зейнетақы жинағы мен әлеуметтік төлемін де жымқырып келген. Адам саудасымен айналысқан қылмыскер кезекті шаруашылыққа оны сатпақ болған жерінде ұсталды. Ол «адам саудасы» және «алаяқтық» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға сотталды.
Ержан Жақып