Қазығұртта ұсақ малдан бруцеллез анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазығұртта ұсақ малдан бруцеллез анықталды

04.11.2022

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында екі ауыл карантинге жабылды. Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Қаржан елдімекені мен Қызылата ауылында шектеу шаралары енгізілді. Себебі ондағы ұсақ малдан бруцеллез анықталған.

Жұқпалы аурудың өзге ауылдарға тарап кетпесі үшін ауыл әкімдігі осындай шешім қабылдады. Қазір аталған елдімекендерде малды емдеп жатыр. Ал өзге тұрғындар төрт түлігін далаға шығармауы тиіс. Елдімекендегі өзге үй жануарлары бір айға жуық ветеринар мамандардың бақылауында болады. 

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу