Елімізде пәтер жалдау ақысы 20% арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде пәтер жалдау ақысы 20% арзандады

04.11.2022

Елімізде пәтер жалдау ақысы арзандап жатыр. Баға өткен айдың ортасынан бері төмендеп, қазірге дейін 20 пайыздай түскен. Бұл туралы жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары хабарлады. Айтуларынша, пәтерақы әсіресе Ресейге жақын орналасқан қалаларда айтарлықтай арзандаған. Мәселен Петропавлда 41, Ақтөбеде 36, Павлодар мен Оралда 32 процентке төмендеген. Ал Астана мен Алматыда жалдау ақысының 22 және 11 пайызға арзандағаны байқалады. Десе де баға әлі де қымбат бұрынғы қалпына оралды деуге келмейді, дейді сарапшылар. Айта кетейік, қазір елімізге келіп жатқандардан гөрі, қайтып жатқан ресейліктер басым.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу