Алматыда жұртты алдаған алаяқ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жұртты алдаған алаяқ ұсталды

07.11.2022

Алматыда жұртты қаржы пирамидасының шырмауына түсірген алаяқ сотталды. Ол зергерлік дүкендер желісінің атын жамылып, қаржы пирамидасын ұйымдастырған. Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген тексеру нәтижесінде 200-ге жуық салымшыға 123 миллион теңге қайтарылды. Қазір дауға қалған компания басшысының өзге сыбайластарына қатысты тергеу жүріп жатыр.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 5 жыл мерзімге қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстың қалған сыбайластарына сотқа дейінгі іс жүргізу аяқталуға жақын.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу