Төмен пайызбен халыққа арналған жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төмен пайызбен халыққа арналған жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу ұсынылды

07.11.2022

Төмен пайызбен халыққа арналған жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу керек. Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы осындай ұсыныс айтты. Ермек Мүсірепов «7-20-25»-ке қайта қаржы құюға немесе одан төмен 3 пайызбен ипотекалық бағдарлама дайындауды ұсынып отыр. Ол алыпсатарлар мен үй құнының күрт өсуіне жол бермеу үшін барлық санат үшін пәтердің шекті бағасын енгізу қажет, дейді. Маманның сөзінше, бизнес санаттағы үйлер бір жылда 15 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Оған құрылыс материалы құнының өсуі мен инфляция әсер етеді, дейді. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу