Оқушылар тұмауға байланысты онлайн оқи ма - министрлік пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылар тұмауға байланысты онлайн оқи ма - министрлік пікір білдірді

08.11.2022

Денсаулық сақтау министрлігі тұмау өршісе, оқушылар онлайн оқуға көшуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бір сыныпта оқушылардың 30 пайызы тұмау жұқтырған жағдайда, офлайн оқуды жою, он күн ішінде сыныптарға жаңадан балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады.

Сондай-ақ бір инкубациялық кезең ішінде оқушыларды онлайн оқытуға ауыстыру жүзеге асырылады. «Тұмау алғаш рет оқушыларды онлайн жүйеге көшіруі мүмкін»,- деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті. 

Алайда Оқу-ағарту министрлігі бұл ұсыныспен келіспейді. Әлемде мектептерді бірінші болып ашу, соңғы болып жабу қалыптасқан. Бұл туралы ЮНИСЕФ өкілдері де мәлімдеді. «Біз балалардың толық сапалы білім алуын маңызды деп санаймыз»,- деді ведомство өкілі.

Бұған дейін мамандар эпидемия маусымы басталғалы елде 764 247 адам тұмау жұқтырғанын хабарлаған еді.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу